Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар жауапқа тартылды

Рыба, рыболовство, рыбный отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 10:54 Фото: Zakon.kz
Павлодар облысында уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулағандар жауапқа тартылды

Ақсу қаласы Сарышығанақ ауылының маңындағы Ертіс өзенінің Тентек саласында "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері уылдырық шашу кезеңінде тыйым салынған құралмен балық аулауды жүзеге асырған Павлодар облысының тұрғынын ұстады.

"Ер адам балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды", — дейді Павлодар облысы ПД.

Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінің басынан бастап Павлодар облысының полицейлері 51 бұзушылықты анықтады.

Полицейлер су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған "Уылдырық шашу" ЖПШ осы жылдың 30 мамырына дейін жалғасатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: