Ақтөбеде бір тәулікте орташа жылдамдықты асырудың 176 дерегі тіркелді

Фото: Zakon.kz
Кейбір жүргізушілер камераға жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, одан өткен соң қайта үдетуге дағдыланған. Алайда Ақтөбе–Астрахань автожолында жұмыс істейтін орташа жылдамдықты бақылау жүйесін мұндай әрекетпен алдау мүмкін емес.

Аталған жол учаскесінде автоматты бақылау жүйесі бір тәуліктің ішінде жылдамдық режимін бұзудың 176 дерегін тіркеді. Бұл көрсеткіш 23 қарашада анықталған.

Тіркелген барлық құқық бұзушылық бойынша жүргізушілерге тиісті хабарламалар жолданды. Өткен жылдың жазында іске қосылған автоматты бақылау жүйесі көліктің камера тұсындағы жылдамдығын ғана тіркемейді.

Ол белгілі бір жол учаскесін жүріп өтуге кеткен уақытты есептеп, көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын анықтайды. Сондықтан камераның алдында жылдамдықты уақытша төмендетіп, одан өткен соң қайта үдету жауапкершіліктен құтқармайды.

Жүйе көліктің бүкіл бақылау учаскесіндегі қозғалысын есепке алады. Полиция жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтау тек айыппұлдан құтылу үшін емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажет екенін еске салады.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды