Өңірлік "Диапазон" басылымының мәліметінше, жол апаты 2026 жылғы 23 қарашада Қандыағаш – Шалқар тасжолында, Жұрын ауылының маңында болған.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Renault көлігін жүргізіп келе жатқан әйел рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жол жиегіндегі жыраға түсіп, аударылған.
"Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қандыағаш қаласының тұрғыны Назгүл Қантүренова Мұғалжар аудандық ауруханасында оториноларинголог болып жұмыс істеген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол 9 қарашадан бастап еңбек демалысында болған.
Полиция апат кезінде дәрігердің көлікте жалғыз болғанын нақтылады. Ведомствоның мәліметінше, оның ұлы Расул Бақтыбай өзіне қол жұмсаған. Жігіттің өлімі жол апатына байланысты емес.
Бұған дейін, 22 қарашада, Атырауда жолаушылар автобусы жетінші сыныпта оқитын қызды қағып кеткен еді. Апат салдарынан оқушы қыз бен автобустағы екі жолаушы зардап шекті.