11 млн теңгеге түскен махаббат: әйел екі жыл бойы танымал актермен көңіл қосқанына сенген

Фото: pexels
Ресейдің Новосібір қаласының тұрғыны өзін қытайлық актер Сюй Кай деп таныстырған адаммен екі жыл бойы хат алмасқан. Оған ақша жіберу үшін әйел қарызға батып, пәтерін кепілге қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"112" Telegram-арнасының мәліметінше, екеуі әлеуметтік желіде танысқан. Әйел "актердің" өзін жақсы көретініне сеніп, екі жыл ішінде оған екі миллион рубльден астам (11,1 млн теңге) ақша аударған. Әлгі адамның айтуынша, бұл қаражат кездесуді ұйымдастыруға, ұшақ билеттерін сатып алуға және өзге де шығындарды өтеуге қажет болған.

Әйел ақшаны әртүрлі адамның шотына аударып отырған. Сүйіктісімен байланысын үзбеу үшін несие алып, ақыры пәтерін де кепілге қойған.

Арнаның хабарлауынша, әйел соңғы рет 2026 жылғы 11 қарашада ақша аударған. Содан кейін "актер" оның хабарламаларына жауап беруді қойған. Екеуі тек ағылшын тілінде хат жазысқан. Әйел оны тіпті бейнеқоңырау арқылы да бірде-бір рет көрмеген.

Ал АҚШ-та иммиграция және кеден полициясының қызметкерлері Сальвадор тумасын ұстады. Ол ұсталардан аз уақыт бұрын лотереядан бір миллион доллар ұтып алған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанға циклон жақындап келеді: 26 қарашада қар, жаңбыр жауып, жел күшейеді

56 жастағы әйел шынайы ер адамдардан бас тартып, ЖИ-мен қарым-қатынасы туралы күтпеген шындықты айтты