Ақтөбеде ауладағы шуға ашуланып, жасөспірімді ұрған ер адамға үкім шықты
Фото: pexels
"Диапазон" басылымының 2026 жылғы 25 қарашада жазуынша, оқиға Тургенев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Жолсерік пәтерінде демалып жатқанда, ауладағы балалар алаңында бір топ жасөспірім шулаған. Олардың бірі ер адамға әдепсіз ишара көрсеткен.
Бұған ашуланған ер адам аулаға шыққан. Оны көрген жасөспірімдер жан-жаққа қашып, біреуі ғана алаңда қалған. Жолсерік сол баланы балағаттап, алақанымен құлағынан тартып жіберген, содан соң басынан бірнеше рет жұдырықпен ұрған. Дәрігерлер жасөспірімнің денесі бірнеше жерден қанталағанын, денсаулығына жеңіл зиян келгенін анықтаған.
Сотта ер адам кінәсін мойындап, жасөспірімнен кешірім сұрады. Жәбірленуші оны кешірмегенімен, соттан бас бостандығынан айырмауды өтінді. Сот жолсерікке бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Бұған дейін Қостанай облысында да осындай оқиға болған. Балалар алаңында жасөспірімді ұрып-соққан ер адам 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылған.