Қалалық ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов отбасының тұрмыс жағдайымен танысып, үйдің өрттен қаншалықты қорғалғанын тексерді.
Құтқарушылар үйге иіс газының таралуын анықтайтын датчик орнатып, отбасы мүшелерінің есіне өрт қауіпсіздігі ережелерін салды. Сондай-ақ отбасына азық-түлік себеті мен естелік сыйлықтар табыстады.
Кездесу кезінде балалардың анасы үйді жылытуда қиындық барын айтты. Ол кәмелетке толмаған қызына медициналық көмек ұйымдастыруға, соның ішінде емханада ем алуына жәрдемдесуді сұрады.
Алматыда өрт қауіпсіздігі онкүндігі 22 қарашада басталды. Онкүндік аясында мамандар көпбалалы отбасыларға, қарт адамдарға және мүгедектігі бар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, атаулы көмек көрсетіп жүр.
Бұған дейін Қазақстанда асыраушысынан айырылған жағдайда кімдер төлем алуға құқылы екені және оның қанша уақыт төленетіні туралы хабарлаған едік.