Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы 26 қарашада таңертең таратқан мәліметінше, өрт Тойымбеков көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері дереу жеткен.
"Құтқарушылар оқиға орнына жеткен бойда барлау, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті", – делінген хабарламада.
Құтқарушылар үш буынды жылжымалы баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттан жеті адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге шығарды. ТЖМ-ге зардап шеккендер туралы хабар түспеген.
Бұдан бір күн бұрын, 25 қарашада, Алматыдағы қоймалардың бірінде өрт шыққан еді. Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері өртті сөндіруді қиындатқан.