Бұл туралы 2026 жылғы 26 қарашада Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өрттің неден шыққаны және адамдардың қаза табу себептері анықталып жатыр", – делінген хабарламада.
Өрт 26 қарашаға қараған түні болған. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 нөміріне өрт туралы хабар сағат 03:44-те түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақыртудан кейін төрт минутта оқиға орнына жеткен. Ол кезде үйді жалын шарпып, өрт қатты лаулап тұрған.
Өрт сөндірушілер сағат 04:42-де өртті толық сөндірді. Оқиға орнынан бес адамның мәйіті табылды.