Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттар мен Аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс cпикері депутаттық корпусты Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтай отырып, Қазақстанның осы жылдардағы барлық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың еңбегінің және ел басшылығының стратегиялық бастамаларын іске асырудың нәтижесі екенін атап өтті.
Сурет: Ж. Жұмабеков
Бұл ең алдымен, Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, сонымен бірге, әрқашанда Президентімізге тірек болып, қолдау білдіріп келе жатқан халқымыздың береке-бірлігінің жемісі. Қазіргі уақытта Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы толағай табыстарымызды сақтап, стратегиялық даму бағытын одан әрі жалғастырып келеді.Нұрлан Нығматулин.
Сурет: Ж. Жұмабеков
Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы еліміздің тарихымен бірге келе жатқан Парламенттің, оның депутаттарының да қосып жатқан үлесі өте зор екенін атап өтті.
Сурет: Ж. Жұмабеков
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, III дәрежелі «Барыс» орденімен Бекболат Тілеухан марапатталды.
Сурет: Ж. Жұмабеков
Мәжіліс Төрағасы «Парасат» орденін Аманғали Бердалинге, Аманжан Жамаловқа, Ирина Смирноваға және Бақытбек Смағұлға табыстады.
Сурет: Ж.Жұмабеков
Нұрлан Нығматулин «Құрмет» орденін Мәжіліс депутаттары Азамат Әбілдаевқа, Айқын Қоңыровқа, Айбек Паяевқа және Аппарат Басшысының орынбасары Жаслан Жүгінісовке, бөлім меңгерушісі Болат Мұқановқа табыстады.
Сурет: Ж.Жұмабеков
Ал, «Ерен еңбегі үшін» медалі Серік Ерубаевқа, Дмитрий Колодаға, Юрий Лиге, Игорь Панченкоға, Ғани Ташқараевқа, Мақпал Тәжмағамбетоваға және бөлім меңгерушісі Гүлмира Қалманбетоваға, Аппарат қызметкері Мархабат Қосабаева мен Салим Өмірзақовқа берілді.
Сурет: Ж.Жұмабеков
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Аппарат қызметкерлері Мәдина Қасенова, Назгүл Көшкімбаева, Айжан Матыбаева, Рустам Тілегенов және Гүлмира Шынтаева марапатталды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Мәжіліс Төрағасы ТМД парламенттік ассамблеялары мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы наградаларын тапсырды.
«Достастық» ордені Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге және Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманға берілді. ТМД ПАА медальдарымен Мәжіліс депутаттары Сауытбек Абдрахманов, Жәмила Нұрманбетова, Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан және Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов марапатталды. ТМД ПАА Құрмет грамоталары Снежанна Имашеваға, Лаззат Рамазановаға, Бауыржан Сартбаевқа берілсе, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ПА медалі Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовке, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ПА Құрмет грамотасы Ерлік Тайжановқа табысталды.