Министр шекісіп қалған журналист пен экс-депутатқа қатысты пікір білдірді

Сурет: pixabay
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналист пен депутат арасында болған ыңғайсыз жайтқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр өз пікірін Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Парламент ғимаратында журналист А.Коскина мен сұхбат беруші Б. Тілеухан арасында орын алған оқиға (29 желтоқсанда - авт.) журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын (әсіресе журналистің әйел баласы екенін ескерсек). ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева

Оның айтуынша, мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез-келген сұхбат барысында сақталуы тиіс.

Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Адамның жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері. Қалай болғанда да Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашанда дайын. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева

Айта кетсек, 29 желтоқсанда Бекболат Тілеуханның жаңа қызметке тағайындалғаны белгілі болды. Ол депутаттық мандатынан бас тартып, ОСК-ға өзі өтініш берген.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның өтініші орындалды

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты