Жаңа төрағаның қатысумен мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр

Сурет: parlam.kz
ҚР Парламентінде жаңа сайланған төраға Ерлан Қошановтың қатысуымен мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Жалпы отырысты бастап берген төраға алдағы уақытта депутаттар корпусы азаматтық секторымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, әсіресе өңірлердегі қоғам белсенділерімен тығыз байланысын одан әрі жандандыратынын айтты.

Бұл – президент бекіткен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын нәтижелі жүзеге асырудың басты ұстанымы. Алдымызға қойылған жаңа міндеттерді табысты орындау үшін азаматтық қоғаммен, мемлекеттік органдардың барлық тармақтарымен, соның ішінде Сенатпен, Үкіметпен, сот саласымен өзара тығыз қарым-қатынаста, ынтымақтастықта болу қажет.ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов

Айта кетерлігі, мәжілістің бүгін өтіп жатқан жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды