Қазақстанда әскери қызметке баруға жастардың ынтасы жоқ – сенатор

Сурет: Zakon.kz
Сенат депутаты Бекболат Орынбеков үкіметті қазақстандық жастарды әскери борышын өтеуге барынша ынталандыруға шақырды, деп хабаралайды Zakon.kz

Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалында сенатор жастарды әскери қызметке шақыруға қатысты жүйелі мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтты. Депутат бұл мәселені қаңтар айында болған қайғылы оқиғадан кейін парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде ел президенті де көтергенін атап өтті. Сенатор жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасы жоқ екенін атап өтті.

Мәселен, 2021 жылы жергілікті әскери басқару органдарында 215 мың 105 адам мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс болып, оның ішінен қарулы күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға – 32 мың 064 адам шақырылды. Қалған 183 мың 041 адам немесе әскерге шақыруға жататын жастардың 85 пайызы түрлі себептер бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдырылды немесе толығымен босатылды.Сенат депутаты Бекболат Орынбеков

Оның айтуынша, әскери жасақтарды құрудағы проблемалардың негізгі себептері мыналар:

Сенатор өзінің депутаттық сауалында үкіметке әскерге шақыру-есепке алу жұмысының сапасын жақсарту және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру үшін бірқатар нақты ұсыныстар жіберді.

Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және одан әрі жұмысқа орналастыру үшін инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды ұйымдастыруға болады.Сенат депутаты Бекболат Орынбеков
Қазақстан
Әшімбаев Мәулен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды