Елорданың атауы өзгертіле ме

Сурет: akorda.kz
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан астанасының атын өзгерту туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Күн тәртібінде мұндай мәселе жоқ, – деді Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтанның атын Астана деп өзгерту жоспарланып жатыр ма деген сауалға жауап беріп.

Сонымен қатар журналистер депутаттардың бұл мәселені өз бетінше көтеруді жоспарлап отырған-отырмағанын сұрады.

Жоқ, депутаттар мұндай мәселені көтермейді.Ерлан Қошанов

Бұған дейін Мәжіліс спикері Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы айтқан еді.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 20 наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданған еді. Бұл бастаманы ұлықтау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі