Ол Facebook-тегі парақшасында бұл ретте боттар мен түрлі блогерлердің ұйымдасқан түрде пікір білдіріп жатқанын, ал онда ұлттық араздықты қоздыру белгілері анық көрінетінін атап өтті.
Сонымен қатар, желіде қамауға алды және ұсталды деген сынды жалған ақпараттар да аракідік төбе көрсетеді.
Ақпараттық соғыс, шабуылдар, буллинг, хейт "дивандағы әскерлердің жұмысына" айналғаны бұрыннан белгілі. Осындай күмәнді дүниеден табыс табуға келісетін азаматтар көп. Бопсалау, осы саладағы алаяқтық әдеттегі жағдайға айналып барады. Тіркелушісі көп блогерлер, тіпті мемлекеттік қызметшілерді қандай да бір әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін желіде сынап-мінемес үшін ашық түрде бопсалайтын жағдайлары өзіме де аян. Кей жағдайда негізді тиісіп жатады, бірақ негізсізі одан басым. Бірақ сол далбаса сынның өзін теріске шығаруға кететін уақыт пен энергияны айтсаңызшы: кез-келген адамды шаршатады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова
Депутат, әсіресе жақсы ұйымдастырылған, кәсіби насихаттың нәтижесі қандай болатынын жақсы білетінін баса атап өтті. Өкінішке қарай, ақпараттар ағынымен оның бәрі жұтылып кетеді.
Оның айтуынша, сыни ойлау деңгейінің төмендеп бара жатқаны байқалады. Ақпаратты қайта тексеру, ресми жаңалықты қарау дағдылары деген жоқ. Күндерді, оқиғаларды, ұсыну сипатын зерттеу деген де қалып барады. Көбіне, негізінен қауесеттердің пайда болу себебіне басымдық беріледі.
Бұл ішінара уәкілетті органдардың осындай негізсіз ақпараттарға қарсы мәлімет жариялау жұмысының, қарқынының жеткіліксіздігінен де.
Сонымен қатар, сайлау кезеңі жақындап келеді. Осы кезеңде біз, керісінше, біртұтас халық, біртұтас қазақстандық қоғам ретінде өзіміздің жарқын болашағымыз үшін бірігуіміз керек. Ұлттық алауыздық, соғыс, тіпті ақпараттық соғысқа да жол бермейтін болашақ үшін. Керісінше, білімге, жасампаздыққа құштар, мына аласапыран әлемде балаларымыздың, қарттарымыздың, немерелеріміздің бақ-қуатты болашағы мен тұрақтылық аралын салуға тайлы-тұяғымыз қалмай жұмылуымыз керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова