Қазақстан Каспий теңізінде Түрікменстанмен мемлекеттік шекара сызығын айқындайды

Сурет: pxhere
Мәжілістің пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Каспий теңізіндегі Қазақстан-Түрікменстан шекарасын межелеу және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлу туралы шартты ратификациялау туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатты таныстырған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, премьер-министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді шартқа 2021 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойғанын айтты.

Шартқа сәйкес, тараптар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы аумақтық суларды және балық аулау аймақтарының шектес учаскелерін бөлетін Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекарасының өту сызығын анықтады.Мұхтар Тілеуберді

ҚР Сыртқы істер министрі шартты ратификациялау және күшіне енуі оңтүстік межелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау үдерісін толық аяқтуға мүмкіндік беретінін айтты. Оның сөзінше, "Шарт Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттер арасындағы мемлекеттік шекараны заңды түрде бекітетін тарихтағы алғашқы құжат болмақ".

Министр бұл заңды қабылдау Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына қайшы келмейтінін және оны өзгертуді қажет етпейтінін атап өтті.

Қазақстан
Түрікменстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды