Бұл "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының сауалына ауызша жауап болды. Отырыс "Қасіретті қаңтар" оқиғасы кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз сөзінде депутаттарға қаңтар оқиғасының билікті басып алудың мұқият жоспарланған әрекеті екенін анық дәлелдейтін фактілер ұсынылғанын атап өтті.
Ал оны ұйымдастырушылар адамдарды және бейбіт митингілерді пайдаланып кетті.
Бұл, ашығын айтқанда, Тәуелсіздікке жасалған қастандық болатын! Бірақ Президентіміздің ерік-жігерінің, халқымыздың ақыл-парасаты мен бірлігінің арқасында, қатардағы полицейлердің, дәрігерлердің, еріктілердің ерлігі арқылы біз мемлекеттігімізді қорғап, бейберекетсіздікке жол бермедік, – деді Ерлан Қошанов.
Мәжіліс төрағасы қаңтар оқиғасы туралы ақпаратты қасақана бұрмалауға мүдделі топтардың ел ішінде де, сыртында да бар екенін атап өтті.
Бірлігімізге балта шапқысы келетін, елдігімізге сына қаққысы келетін реваншистік күштер аз емес. Осыны ұмытпайық. Халықтың әділетті Қазақстанға деген үміті оянып, сенімі артып келеді. Баршамыздың алдымызда бұрынғыдан да маңызды, зор міндеттер тұр. Біз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолға алған реформаларды іске асыру жолында тас-түйін ұйысуға тиіспіз.
ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Отырыс соңында Мәжіліс төрағасы "Қасіретті қаңтар" оқиғасының болашақта қайталанбауы үшін сабақ алу маңызды екенін атап өтті.
Жалпы отырыста Бас прокурор, Ішкі істер министрі, қоғам белсенділері мен Мәжіліс депутаттары сөз сөйледі. Сонымен қатар болған оқиғалардың бел ортасында болып, сол күндердің барлық ауыртпалығын бастан өткерген полиция қызметкерлері, дәрігерлер, кәсіпкерлер, еріктілер де пікірімен бөлісті.
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
Қаңтар оқиғасының қайталануын болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар туралы депутаттардың сауалдарына Үкімет мүшелері жауап берді.
Жиын республикалық телеарналар мен интернет арқылы көрсетілді.
Жалпы отырыс басталмас бұрын тергеу барысында табылған қару-жарақтармен көрме ұйымдастырылды. Бұл пулемет, снайперлік мылтық, гранатомет, аңшы мылтық, тапанша, шолақ мылтық және т.б.
Сондай-ақ өткен жылдың қаңтарындағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінген полицейлердің киімдері – қалқандар, бас киімдер, оқ өткізбейтін кеудешелер ұсынылды.
Сурет: ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі