Мәжілісте Қазақстан парламентінің тарату мерзімі туралы айтылды

Сурет: ҚР парламент мәжілісі
Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов биылғы қаңтарда парламентті тарату мүмкіндігін растады, деп хабарлайды Zakon.kz

Парламент мәжілісінің алаңында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің басшысы Арман Қожахметов парламенттің формалды түрде таратылуына дайын екенін мәлімдеді.

"Ол үшін (Парламенттің таратылуы. – Ред.) бәрі дайындалды. Заңнамалық базаны айтып тұрмын, мәслихаттар да, депутаттар да сайлаудың аралас жүйесі болатыны туралы заңдарға тиісті өзгерістер енгізілді. Жақын арада болатынын жоққа шығармаймын. Нақты күндерін әлі білмеймін, мүмкін осы айда".Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов

Оның айтуынша, парламентті тарату депутаттар инициативасы болуы мүмкін. Өзін-өзі тарату туралы жарияланғаннан кейін келесі сайлау жарияланады. Сайлау заң бойынша жарияланғаннан кейін екі айдан кейін өтуі керек.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін