Сайлау алдындағы теледебат қашан өтетіні белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутатын сайлауда сайлау алдындағы телевизиялық дебаттарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Хабар" мемлекеттік жалпыұлттық телеарна эфирінде сайлау алдындағы телевизиялық дебаттарды өткізуді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы осы ұсыныс бойынша қаулы қабылдады.

Қаулыға сай парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутатын сайлау алдындағы телевизиялық дебат 16 наурыз күні "Хабар" телеарнасы арқылы өткізіледі.

Теледебат екі тілде 16 наурыз күні прамтайм уақытында, кешке өткізіледі. Осыған орай ОСК төрағасы коимиссия аппаратына тапсырма берді.

"Орталық сайлау комиссиясының аппараты "Хабар" агенттігімен телевизиялық пікірсайыстар өткізу мәселесі ойынша тиісті шаралар қабылдасын", - деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров сайлаушылар тізіміне 12 миллионнан астам азамат енгізілгенін, олар мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс бере алатынын айтқан еді.


Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды