Депутат Ғалиасқар Сарыбаевқа журналистер тарапынан сұрақ қойылды. Әңгіме Түркістан облысында болған су тақсыны туралы. БАҚ өкілінің сөзінше, су тасқынына жылда алдын ала дайындық жүргізіледі, жергілікті органдар ешқандай тасқын болмайтынын айтып сендіреді. Бірақ шынында жағдай олай емес, бәрібір бір жерде су тасиды. Бірақ бұл үшін ешкімді жауапқа тартпайды.
Депутат осы сұраққа орай пікірін айтып, әкімдерді жауапқа тартуды қолдайтынын айтты.
"Біріншіден, мұның бәрі еңбек кодексінде қарастырылған. Жалпы алғанда өрт, су тасқыны, жер сілкінісі – бәрін алсақ, апат айтып келмейді. Су тасқыны да түрлі жағдайда көрінеді. Сол себепті кеше ғана үкіметте осы тақырыпта отырыс өтті. Жергілікті атқарушы орган басшылары әрине өзіне қатысты жұмысқа жауап беруі керек. Бұл жерде бөгеттер, контр регуляторлар, меншік иелері және тағы басқа түрлі азамат бар, бәрін бірге қарастыру керек. Мен сізбен толық келісемін. Жауап беруі керек." Ғалиасқар Сарыбаев
Депутат сонымен қатар "Заң жобасына осындай бір жауапкершілік енгізуді депутат ретінде ұсынасыз ба?" деген сұраққа да пікірін айтты.
"Заң жобасына мұны кіргізудің қажеті жоқ. Бұл Еңбек кодексінде жазылған. Жауапкершіліктен (әкімдер - ред) құтылмайды, жауап береді", - деп түйіндеді Ғалиасқар Сарыбаев.