Қазақстан мен Әзірбайжан өсімдіктерді қорғау саласында ынтымақтасады

Сурет: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Парламент сенаты 2 наурыздағы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді" ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңның негізгі мақсаты - карантинге жатқызылған өнімді елге әкелу кезінде фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен өзара іс-қимылды нығайту.

Заңның міндеті - 2017 жылғы 3 сәуірде Баку қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) ратификациялау.

Екі ел арасында карантинге жатқызылған өнімдер тасымалының үлкен көлемі салдарынан тараптардың аумағына карантиндік объектілердің ену қаупі бар, олардың таралуы екі ел аумағының фитосанитариялық жай-күйіне теріс әсер етеді.

Осыған байланысты Келісімді ратификациялаудан мынадай нәтижелер көзделеді:

Тұтастай алғанда, Заң тасымалданатын өнімге қажетті фитосанитариялық бақылауды қамтамасыз етуге, өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтердің бірлескен іс-шараларына және өзара іс-қимылына бағытталған және Қазақстанның экспорттық әлеуетіне оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар Заң теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.

Қазақстан
Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды