Қазақстандықтар 4 наурыздан бастап өзін сайлаушылар тізімінен тексере алады

Сурет: Zakon.kz
4 наурыздан бастап парламент және мәслихат депутаттарына дауыс берем деген қазақстандықтар өзінің сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексере алатыны бұған дейін де хабарланған.

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік база негізінде құрылған тізім дайын болады. Тек азаматтарға қандай да бір қателер болмауы үшін саяси науқанға 15 күн қалғанда өзін тізімнен тексеру мүмкіндігі беріледі. 

Тізімді Телеграм бот, Веб портал, хабарласу орталығы арқылы білуге болады.

Түрлі себеппен тіркелген жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар 18 наурызға дейін тұрғылықты жерінен есептен шығу куәлігін алуы керек.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың мәліметінше, азаматтарды белгілі бір сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізуді SMS-хабарлама арқылы ұйымдастыру үшін цифрлық қорғалған нысанда сайлаушылар деректерінің барлық массивін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберіледі.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі