Нутрициолог күнделікті тұтыну керек үш тағамды атады

Сурет: pixabay
Нутрициолог Ақнұр Қозыбаева адам ағзасына күнделікті тұтыну керек үш тағамды атады, деп хабарлайды Zakon.kz
Ең бірінші адам ағзасы 90 пайыз судан тұрғандықтан, күніне кемі 2,5 литр су ішу керек. Су ішу арқылы ағзадағы жасушалар жаңартылады. Бірақ тазартылған су ішу керек. Краннан су ішуге мүлде болмайды, себебі оның құрамында ағзамызға зиянды бактериялар, ауыр металдар, токсиндер көп. Сүзгіден өткен суға аздан зімбір, бал қосып ішсе болады.Ақнұр Қозыбаева

Нутрициолог екінші кезекте тағамдар арқылы минералды тұздарды пайдалану қажеттігін айтты.

Екіншіден, біздің ағзамызға минералды тұздар керек. Олар аскөк, ақжелкенде, шпинат, сельдерей, қияр сынды жасыл өсімдік атаулыда болады. Оларды тамақ ішпес бұрын 100-150 г жеп алса, ас сіңімді болады. Ақнұр Қозыбаева

Нутрициологтың айтуынша, үшінші кезекте адам ағзасына глюкоза қажет. Оны жеміс-жидектерден алуға болады.

Үшінші – глюкоза. Мұны міндетті түрде күнделікті тұтынуымыз қажет. Глюкозаны көбіне жеміс-жидектерден аламыз. Құрма, қара өрік, банан, жүзім, жүгерінің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ бал, кептірілген жемістер, мейіз, смузида да глюкоза бар.Ақнұр Қозыбаева

Сонымен қатар, маман аталған тағамдарды таңертең тұтынған дұрыс деп есептейді. Себебі таңертең біз ағзамызға күш беретін, қажетті тағамдарды жеуіміз керек. Бастысы суды ұмытпау керек екенін ескертті.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті