ШҚО-да моншаны притонға айналдырған жезөкшелер ұсталды

Профилактикалық есепке жеті адам қойылды.

ШҚО полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонға тосқауыл қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған “Stop-трафик” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың үш фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдар өз кінәларын мойындады, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша екі фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Профилактикалық есепке жеті адам қойылды.

Жедел алдын алу шарасы 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: