Көшеде әбден ойқастап, елдің есін шығарған елордалық мас жүргізуші ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Мамандандырылған соттың қаулысымен тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды

Нұр-Сұлтан қаласында түнгі уақытта Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін бұзып, басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мас адам бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, өзгелердің өміріне қауіп төндіре отырып, жоғары жылдамдықпен жүйткіген. Оның бұл әрекеті басқа жүргізушілердің қозғалыс жылдамдығы мен бағытын өзгертуге мәжбүр етіп қана қоймай, бір жаяу жүргіншіні қағып кете жаздап, өміріне қауіп төндірген. Полиция қызметкерлері автокөлікті көлегейлеп тоқтатып, жүргізуші ұсталды.Нұрсұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Мас жүргізушіге қатысты алты әкімшілік хаттама толтырылды.

Мамандандырылған соттың қаулысымен тәртіп бұзушы 15 тәулікке қамалды, одан бөлек жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды, ал көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды