Ресейде апалы-сіңлі екі қызды өлтіріп, 24 жыл бойы жасырынған күдікті Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Polisia.kz порталының мәлімдеуінше, Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкері Гүлстан Батталованың қырағылығының арқасында тергеу органдарынан 24 жыл бойы жасырынып жүрген ер адам анықталды.
Полиция қызметкері Ресей Федерациясының аумағында апалы-сіңлі екі қызды өлтірді деген күдіктегі 54 жастағы қазақстандықты азаматтықты анықтау құжаттарын қабылдау кезінде анықтады. Полиция подполковнигі ер адамды бағдар бойынша танып қалған.Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Тәртіп сақшысы атап өткендей, 1997 жылдың наурыз айында Ресей Федерациясының Омбы қаласында 30 жастағы ер адам (қылмыс жасау кезінде) қолдан жасалған мылтықпен 25 жастағы қыздың басынан атып, кейін оның 22 жастағы сіңлісін пышақтап тастаған. Алған жарақаттардан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Күдікті қылмысты мас күйінде жасаған. Ауыр қылмыс жасағаннан кейін ер адам тергеу органдарынан жасырынып, мемлекетаралық іздеуге жарияланды.
Қазіргі уақытта іздестіру бастамашысына – Омбы облысы бойынша Ресей ІІМ хабарлама жіберілді. Енді қылмыскер жасаған ауыр қылмысы үшін жауап береді.
Айта кетейік, облыс аумағында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 430 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.