Тәртіп сақшысы жол бойында көлігі жүрмей қалған жүргізушіге көмектесті

Cурет: Видеодан алынған кадр
Шымкентте тәртіп сақшысы жол бойында көлігі бұзылып, жүрмей қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сәтті жергілікті тұрғын бейнежазбаға түсіріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің инстаграмдағы «Police_Shymkent» ресми парақшасының жекесіне алғысын жеткізіп, жолдаған.

17 желтоқсанда Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында жол қозғалысына кедергі тудырып, оталмай қалған көлікті байқайды. Жол ортасында болғандықтан орын алуы мүмкін көлік кептелісін алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, көмектесуге кіріскен. Көлікті итеріп, жолдың бойына шығарған. Тәртіп сақшыларының жұмыстарына риза болған автокөлік жүргізушісі өз алғысын білдірді. Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде, Шымкент қаласы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу мақсатында жолаушылардан жолда жүру ережесін бұзбауға, жолда мұқият болуға, өзара құрмет көрсетіп, жылдамдық тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды