Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мазасыз шал көршілерінің зәресін алуда

Сурет: pixabay
Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары полицияға түнгі уақытта өз есіктерін қағып, мазаларын алатын көршісіне шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz

"Солнечный город" ТК тұрғындары зейнеткердің іс-әрекетін видеоға түсіріп, "көршісін сабасына түсіру" үшін сырттан көмек сұрады.

Мазасыз зейнеткердің көршілері атап өткендей, ер адам қызымен бірге тұрады, бірақ ол да әкесін қалай жүгендеп ұстауды білмейді.

"Ол күн бе, түн бе қарамайды, баспалдақ алаңына жалаңаш шығып, мысалы түнде көршілерінің барлығының есігін балғамен ұрып, аяқпен тепкілейді, тіпті бір пәтердің есік алдына ішінде киім-кешегі бар сөмкені әкеліп өртеген. Егер алда-жалда оны күндіз кезіктіре қалсаңыз, ата-бабаңыздың түгін қалдырмай балағаттайды. Пәтерде не болып жатқаны белгісіз. Міне, бүгін сағат 04: 00-де барлығының есігін балғамен ұрып, аяғынан тік тұрғызды", делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін елордалық полиция департаментіне хабарласты.

24 желтоқсан күні сағат 04:46-да "102" желісіне Манас көшесінің бойындағы "Солнечный город" ТК-да ер адам түнгі уақытта есікті қақты деген қоңырау келіп түсті. Материал Алматы ауданының ақпараттарды есепке алу кітабында тіркелген. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Ведомствода атап өткендей, аталған факті бойынша полиция қызметкерлері елорданың 77 жастағы тұрғынын анықтады.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады