ШҚО-да қарулы адам той үстіне кіріп келіп, оқ жаудырды

Сурет: pixabay
Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде жаңа жылдық мерекені тойлап жатқандардың үстіне қарулы адам кіріп келіп, оқ жаудырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқыс оқиғаның видеосы желіде тарады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында сағат 4:00 шамасында Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде екі жергілікті тұрғын өзара дүрдараздықтың салдарынан атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық әрекеттерге барған. Екеуара атыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. ШҚО ПД баспасөз қызметі

Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, яғни "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оған сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде күдіктілердің екеуінің де жеке басы анықталды. Олардың бірі ұсталып, УҰИ-ға қамалды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін