Петропавлда такси жүргізушісі адасып қалған әжейге көмектесті

Сурет: Zakon.kz
Такси жүргізушісі жұбайымен түнде келе жатып, жол бойында адасып жүрген қарт әжейге тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Оқиға 28 желтоқсанда болған. Қарт әжей өзінің мекенжайын есіне түсіре алмапты. Содан кейін ерлі-зайыптылар әлеуметтік желі арқылы полиция көмегіне жүгінді.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әжейдің төлқұжаттағы деректерін анықтап, сол бойынша мекенжайды да тапты. Полицейлер зейнеткерді пәтеріне дейін аман-есен апарып салды. Петропавл қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

Қарт әжейдің жалғыз тұратыны, арасында ұмытшақтығы ұстап қалатыны анықталды. Патрульдік полиция бұл туралы учаскелік полиция пунктіне хабарлады, учаскелік инспектор әжейді өз назарына алғанын жеткізді.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз