Елордада коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алып, шығарып салуға рұқсат етілді

Сурет: Нұр-Сұлтан қалалық ІСБ
Жолаушыларды әуежай мен теміржол вокзалдарынан қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Міндетті шарт – билеттің (фото) және жеке басты куәландыратын құжаттарының өзімен бірге болуы, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаланың комендатурасына сілтеме жасап.

Бұл шаралар жолаушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданды.

Сондай-ақ, коменданттық сағат кезінде жолаушыларды жеткізу мақсатында қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен CTS ЖШС «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» – «Нұрлы жол вокзалы» қатынасындағы маршруттық автобустарды арнайы іске қосты, олар 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін қатынайды.

Комендатура қалада коменданттық сағат 23:00-ден таңғы 07:00-ге дейін екенін еске салды. Қала тұрғындарына сыртқа шығуға тыйым салынады. Елорданы құқық қорғау органдары тәулік бойы күзетеді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабына 71 60 20 нөмірі бойынша немесе "IKomek109" қызметіне хабарласа алады.

COVID-19
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді