Алматыда қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер арнайы іс-шара кезінде екі ер адамнан қару-жарақ пен арнайы құралдар тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық криминалдық полицияның хабарлауынша, екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікпен Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны мен Алматы облысынан келген 24 жастағы ер адам ұсталды.

Жалға алынған пәтерді тінту кезінде аңшы мылтығы, патрондар, оқтан қорғайтын кеудеше, дүрбі, әскерилендірілген киімдер, ұялы телефондар мен киетін заттар табылып, тәркіленді. Күдіктілер тонағандарын мойындады. Олар ұрлаған заттарымен қаладан кетуді жоспарлағандарын айтты. Ұсталғандардың жеке басы жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде.

Сурет: polisia.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз