ІІМ сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 шағым келіп түсті

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді.

Мысалы, 15 қаңтарда “Әділет жолы” РҚБ-нің өкілі А.Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О.есімді азаматтың тағдырын білуді сұраған өтініш келіп түсті. Аталған өтінішті тексеру кезінде О.есімді азаматтың ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-тің 269-бабының 3-бөлігі (Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау) және 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғаны анықталды.

9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тексеру нәтижелері бойынша О.есімді азаматтың орналасқан жері туралы Пшеновқа хабарланды. Осыған ұқсас әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде “Di Seisen” парақшасында Алматы қаласындағы митингілер мен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жігіттің әкесі жазған хабарлама орналастырылған. Ол ұлым Алматы қалалық ПД УҰИ-да жүргенде оны ұрып-соққан деп жазған. Осы хабарлама бойынша өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеруді бастады. Тексеру кезінде жәбірленуші мен оның әкесінің сауалнамалық деректері анықталды, бірақ соңғысы полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты өтініш беруден бас тартты.

ІІМ ӨҚД-нің сенім телефонына “14-02” жүгінген азаматтар консультациялық-анықтамалық көмектер ала алады. Консультативтік-ақпараттық көмек алумен қатар, азаматтар полиция қызметкерлерімен байланысты туындаған түрлі жағдайларға да қанығады. Бұл сізге жедел әрекет етуге, тексеруге және әрбір нақты жағдайға түсінік беруге мүмкіндік береді.

Біз халықпен тығыз байланыста болуға мүдделіміз, бұл бізге қорытынды жасауға және алдағы уақытта ІІО жеке құрамы тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді.

Біз халықпен тығыз байланыста болуға мүдделіміз, бұл бізге қорытынды жасауға және алдағы уақытта ІІО жеке құрамы тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді. ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: