Алматының орталығында қару асынған екі ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматыда полицейлер Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында қару ұстаған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz

Күдіктілерден қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған “SM12 steyr mannlicher austria” маркалы екі аңшы мылтығы тәркіленді.

38 жастағы М. есімді азамат пен 35 жастағы Р. есімді азаматтың Алматы облысынан келген тұрғындар екені анықталды.

Күдіктілерді криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстады. Олар Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерін тонаған. Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеуге жіберілді. Алматы қаласы ПД

Қазіргі уақытта қару тәркіленіп, күдіктілер қамауға алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды