Алматыдағы ТЖ режимінің күші 19 қаңтарда жойылады - комендатура

Сурет: Zakon.kz
Алматы комендатурасы 19 қаңтарда сағат 00:00-де төтенше жағдай режимінің күші жойылып, коменданттық сағат аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
2022 жылы 19 қаңтарда сағат 00:00-де Алматыда төтенше жағдай режимінің күші жойылып, коменданттық сағат аяқталады.Алматы қаласының комендатурасы

Алайда комендатура қалада террористік қауіптің "қызыл" деңгейі әлі сақтаулы екенін еске салады.

Терроризмге қарсы іс-шаралар шеңберінде Алматы ПД, Ұлттық ұлан және ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің тұратын жасақ қаланы тәулік бойына сүзіп, патрульды қамтамасыз етеді. Блок бекеттер өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Террористік қауіптіліктің "қызыл " деңгейі кезінде құқық қорғау органдарына азаматтардың жеке басын тексеруге және олардың заттарын, көлік құралдарын қарауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ олар адамдардың жүріп-тұруын уақытша шектеп немесе тыйым да сала алады.

Шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады.

Комендатура құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды және олардың заңды талаптарын сақтауды сұрайды. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер