Қарағандыға пойызбен 32,5 кг гашиш апарған адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Полицейлер Қарағандыға гашиштің ірі партиясын әкелмек болған Жамбыл облысы Шу ауданының тумасын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Zakon.kz

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков күдікті қылмыс дайындалған сәттен бастап бақылауға алынғанын айтты.

Оның Қарағандыға пойызға билет сатып алғаны туралы ақпарат түскен бойда оны ұстау керектігі түсінікті болды. Ал таңғы сағат 5:00-де күдіктіні тау-кен астанасына келген бойда облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Жол сөмкесі тәркіленіп, ішінен 32,5 келіден астам гашиш салынған үш пакет табылды. ҚР Ішкі істер министрлігі

Ведомство тәркіленген гашиштің салмағы аса ірі мөлшерге жататынын атап өтті. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені нақтыланды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды