Қаңтар оқиғалары: 1 822 қылмыстық іс қозғалды

Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президентке еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» деп аталатын шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ержан Тұрғымбаев халықтан заңсыз сақтап отырған қаруларын алу ісі жалғасуда екенін атап өтті.

Ведомствоның мәліметі бойынша терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған.

ІІМ жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылған.

Министрдің айтуынша, ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ықпалдастық орнатылған.

Қазақстан
Тұрғымбаев Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз