Алматы қалалық полициясы 1481 қылмыстық істі тергеп жатыр

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының полиция департаменті қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін ашуды және қолға алған тергеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов атап өткендей, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне полиция департаменті мен оның аумақтық бөлімшелері 1 481 қылмыстық істі тіркеді.

Олардың ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 1 213, бөтеннің мүлкін қасақана жою – 46, қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша 41 іс бар.

Жоғарыда аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 236 адам ұсталды. Оның ішінде 214-іне қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасына санкция шығарды. Үш күдіктіге қатысты "ешқайда кетпеу және тәртіптілік таныту қолхаты" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде заңсыз айналымнан 144 атыс қаруы мен 8 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Наразылық акциялары кезінде қылмыстық элементтермен Алматы қаласының аумағында орналасқан 1 602 объектіге шабуылдар жасалып, дүние-мүліктер талқандалды. Қазіргі уақытта ПД тергеу бөлімшелері бүлінген объектілердің жалпы санының 97%-ын тексеріп шықты. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында. Алматы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды