Алматыда және екі өңірде террористік қатердің «қызыл» деңгейінің күші жойылады

Сурет: Zakon.kz
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінің күші жойылатынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған өңірлерде террористік қауіп-қатердің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленеді.

Нұр-Сұлтанда террористік қауіп-қатердің жоғары "қызғылт сары" деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты "сары" деңгейі сақталады.

Сондай-ақ, 26 қаңтарда сағат 00: 00-ден бастап Балқаш қаласында, Қарағанды облысында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіп-қатердің орташа "сары" деңгейінің күші жойылады.

5 қаңтарда Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдар басталды. Салдарынан 225 адам опат болды. Олардың 149-ы Алматыда көз жұмғандар.

25 қаңтардағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар, оған қатысты 898 күдікті ұсталды.

Тараз
Талдықорған
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз