Облыстық полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде жас жігітті тұтқында жүргендігі туралы арыз түсірген. Аталған жайт полицейлер ҚР ҚК 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша Түркістан облысы ПД-ға тіркелген.
Ақпарат алысымен департамент қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін шұғыл атқарды. Жәбірленушінің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғаны, содан ол балалар үйінде, кейін интернатта тәрбиеленгені белгілі болды. ТО ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері оның 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықтарда жалдамалы жұмысшы болғанын және жұмыс берушілер тарапынан азап көріп келгенін анықтаған.
Бірнеше сағат бойы жан-жақты жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Түркістан қаласының жанындағы Сауран ауданында тұратын жас жігіттің туыстарын тапты. Полицейлер жас жігіттің үлкен әпкесі мен жездесін полиция департаментіне алып келді. Мұнда бір-бірінен көз жазып қалған ағайындылар қайта қауышты. Бауырлар ұзақ жылдардан кейінгі табысу кезінде қуаныштың көз жасын жасыра алмады.ТО ПД баспасөз қызметі
Белгілі болғандай, әйел бірнеше жыл бойы жоғалған інісін өздігінен іздеп, таба алмаған. Бауырымен қауышқан әпкесі Ботакөздің айтуынша, олардың ата-аналары бала кезде қайтыс болған. Ал туыс ағасы, оның екі бауырын балалар үйіне өткізген. Сол кезде үлкені 9 жаста, кішісі 4 жаста екен. Кейіннен олардың ең кішісінен хабарсыз қалған. Інісін табуға 2020 жылдан бастап кіріскен. Алайда полицияның көмегіне жүгінбеген, мүлдем арызданбаған. Есесіне, ТО ПД полицейлері оған хабарласып, інісін тапқаны туралы жағымды жаңалық жеткізді.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Туыстары Түркістан облысы ПД полицейлеріне, көп жыл бұрын жоғалып кеткен інісін тауып бергені үшін алғысын білдірді.
Түркістан облысының полицейлеріне ризамыз. Олар бала кезде көз жазып қалған бауырымды тауып берді. Інімді көріп, өзімді өмірдегі ең бақытты жан сезініп отырмын. Алла разы болсын сіздерге. 25 жыл бойы осы сәтті қанша армандап, күттім. Бүгін міне аман-есен жігіт болған ініммен кездестім. Қуанышымда шек жоқ.ТО ПД баспасөз қызметі