Алматыда Mercedes пен Kia бетпе-бет соқтығысты

Сурет: Zakon.kz
Ремизовка көшесінде екі көлік соқтығысты. Бақытымызға орай, жол апатынан ешкім қатты зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mercedes-Benz W220 көлігі Ремизовка көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Бір уақытта жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетеді.

Осы сәтте солтүстік бағытқа қарай жылжып келе жатқан Kia Sportage бетпе-бет пайда болған көлікті оңдырмай соғады. Қатты соққыдан Kia жолдың шетіне ұшып кетеді.

Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлер апаттан зардап шеккендерді тексерді. Бірақ жарақаты мен сырылған жерлері барына қарамастан жүргізушілер де, жолаушылар да ауруханаға барудан бас тартқан.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз