Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болғандар — Бас прокуратура

Қамауға алынғандардың 113-і бұрын кісі өлтіру, тонау және қарақшылық үшін сотты болғандар. Арасында радикалды діни ағымдардың жақтаушылары да бар. Бұл туралы арнайы брифингте Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz
4 ақпандағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде  2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қамауға алынғандардың 113-і бұрын сотты болған (кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық үшін) және радикалды діни ағымдардың жақтаушылары. ҚР Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

Оның айтуынша, 91 адамға қоғамнан қатаң оқшаулауға байланысты емес бұлтартпау шаралары қолданылды.

Ол күдіктілерді қамауға алу мәселесін қарастыру кезінде олардың әрқайсысының іс әрекеті, жеке басы, кінәсін мойындауы және тергеуге көмек көрсетуі ескерілетінін айтты.

Мысалы, прокурорлар күдіктіні қамауға алу туралы 11 ұсынысты қолдамады. Уақытша ұстау изоляторынан 103 адам босатылды.

Соттар да 80 күдіктіні қамауға алудан бас тартты. Сонымен қатар, бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шараларын жеңілдетудеміз. Мысалы, прокурорлар Алматы қаласында 59, Қызылорда облысында 3 және Шығыс Қазақстанда 1 адамды қамаудан босатты, олардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Сол сияқты қызылордалық прокурорлардың талабы бойынша сот санкциясымен 3 адам үйқамаққа жіберілді.ҚР Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов

 

Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: