Көкшетаулық ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған

Сурет: pexels
Көкшетау тұрғыны тауып алған банк картасымен дүкендерден заттар сатып алған, деп хабарлайды Zakon.kz

Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғынның банк картасынан ақша ұрлау фактісін тіркеді.

34 жастағы ер адам полицияға арызданды. Ол өзінің банк картасынан 153 мыңнан астам теңге көлемінде ақша ұрланғанын жеткізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 43 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем 3-6 ақпан аралығында азық-түлік және киім дүкендерінен заттар сатып алуда көпқабатты үйдің ауласынан тауып алған банк картасымен есеп айырысқанын мойындады. Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды