20 ақпан сағат 23.05-те Түркістан қаласы полиция басқармасының 102 пультіне жедел жәрдем фельдшерінен жанар жағар-май бекетінің қарама-қарсы жағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шықты. Анықталғандай, Түркістан қаласынан Кентау қаласына бара жатқан бағытта, яғни Қызылорда тас жолында жол апаты орын алып, екі жүргізушінің арасында жанжал туған. Жүргізушілердің бірі екіншісін таспен ұрған, салдарынан біреуі оқиға орнында қайтыс болған.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жедел жәрдемді күдіктінің әкесі шақырған. Жедел жәрдем дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтап, полицияға хабар берген.
Күдікті Түркістан қаласының тұрғыны, бұрын Алматы облысында "тонау" бабы бойынша шартты түрде жазасын өтеген.
Оны полиция қызметкерлері қылмыс орнында ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалды.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның мән-жайын полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында анықтайтын болады.