Ақтөбелік жұмыс орнынан ұрлаған 32 млн теңгесін ставкаға тігіп, ұтылып қалған

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі қылмыстық сот жанар-жағармай сататын компанияның 30 жастағы қызметкерін жеті жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі шыққанға дейін ол жұмыс берушіге 20 млн теңге қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе қалалық қылмыстық соты жанар-жағармай сататын компанияның 30 жастағы қызметкерін жеті жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды "Диапазон".

Ер адам компанияда менеджер болып жұмысқа орналасып, мекемеден ақша шығарудың схемасын ойлап тапқан.

Ол компанияның контрагенттерімен жалған сатып алу-сату шарттарын жасасып, ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген, яғни оларға жанар-жағармай талондарын сатқан секілді етіп. Шын мәнінде, талондар оның қолында қала берген. Менеджер оларды танысына сатып, ақшасын өзі иеленген.

Одан бөлек менеджерге компанияның тұтынушылары да сенім білдіріп, қолма қол ақшаға тауар алып отырған. Бірақ ол бұл ақшаны кассаға салмай, өзі иеленген.

Кейін ер адамның компанияға 32 млн теңгеге залал келтіргені анықталды. Ол бұл ақшадан букмекерлік кеңседе ставка қою кезінде ұтылып қалғанын мойындады.

Менеджер басқа біреудің сеніп тапсырған мүлкін иеленді деген айыппен сотталды. Сот үкімі шыққанға дейін құмар ойынға басы шатылған ер адам жұмыс берушіге 20 млн теңге қайтарған.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі