Алматы облысында ұры үйде жалғыз болған оқушыны байлап, пышақпен қорқытқан

Оқыс оқиға Алматы облысының Талғар ауданында орын алған. Ер адам жекеменшік үйдің терезесінен кіріп келгенде іште тек 14 жасар қыз болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мектеп оқушысын байлап, пышақпен қорқытып, ақша мен алтындарды тауып беруді талап етті, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Қыз айқайлаған кезде қылмыскер аңшы мылтығы мен оқ-дәріні алып қашып кеткен.

Жүздеген көлікті тексерген жедел уәкілдер ақыры көрші ауылдың 45 жастағы тұрғыны жалдаған көлікті тапты. Ер адам кісі тасумен айналысқан. Күдіктінің айтуынша, ол таныстарының үйін іздеп жүріп, кездейсоқ үйге бас сұғып, қорғансыз жасөспірімді көрген соң тонау туралы шешім қабылдаған. Ол бұл қылмысқа қарызға белшесінен батқандықтан барғанын айтты. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу барысында ер адамның бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылғаны анықталды. Қазір тергеу екі бап бойынша жүргізілуде: "Қарақшылық" және "ұрлық".

Айта кету керек, қарақшылыққа барар алдында қылмыскер көшеде өзі жалға алған көліктің ішінде әйелін емшектегі баласымен бірге қалдырып кеткен.

Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: