ШҚО-дағы түрмелердің бірінде QURT & WINE іс-шарасы өткізілді

Сурет: ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО да жазасын өтеуші шетел азаматтарына арналған QURT & WINE іс шарасы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан шетел азаматтарына алғаш рет қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігі ұсынылды.

Әрбір демалыс күндері қауіпсіздігі жоғары мекемедегі сотталғандар спорттық іс-шаралар мен ойындар ұйымдастырылады. Бұл жолы шетел азаматтығы бар сотталғандарға ұлттық тағам - құрт ұсынылды. Іс шараға шетелдіктермен қатар өз еліміздегі түрлі этностың сотталушылары да қатысты. Олардың арасында поляк, орыс, белорусь, украин елінің сотталған азаматтары да бар.ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі

Мысалы, Польша азаматы Денис Каминский ауыр қылмысы үшін сегіз жылға сотталып, қазіргі уақытта жазасын дағдылы жағдайда өтеп жатыр.

Ол қазақ халқының тағамына үйреніп қалғанын, алғаш рет дәмін татып көрген қышқыл құрттың өзіне қатты ұнағандығын жеткізіп, оның неден және қалай жасалатынына қызуғышылық білдірді.

Қазақ халқының құрты тарихи деректер мен ауыз әдебиетінде көп жазылған, мысалы Ұлы Отан соғысы кезінде де майдангерлер малта құртты қалталарына салып жүріп, аштық пен шөлден сақтанып қалғандары туралы да сотталғандарға баяндалды.

Бұл іс шараның мақсаты - ұлттық дәм мен қазақ мәдениетінің байлығына өзге ұлт өкілдерінің көзін жеткізіп ,оның алуан түрлілігін толық сезінуге мүмкіндік беру және ұлттық мәзірден дәм татуға көбіне шетел азаматтарының ғана қызығушылығы бар екенін бәрімізге мәлім, сондықтан осындай іс шаралар жасалып, әр ұлт өз ойларымен пікірлерін бөлісті. ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің бастығы Қуаныш Агиспаев
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін