Танымал қазақ блогері жол апатынан қаза тапты

Танымал қазақстандық блогер Дәулет Бейсенбек Жамбыл облысында орын алған жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты республикалық маңызы бар Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 282 шақырымында орын алды.

Honda Odyssey маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздан Алматыға қарай келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай кюветтен асып, аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аталған көліктің 29 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен басқа екі жолаушы түрлі жарақаттармен Меркі ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

"Көлік құралын жүргізген адам жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу кезінде бір мезгілде абайсызда бір немесе бірнеше адам өліміне әкеліп соқтыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Блогер Эльмира Төлегенова Instagram-дағы сторисінде қайғылы хабармен бөлісті.

Ұйықтар алар емеспін. Дәулет қайтыс болыпты деп естідім. Емін-жарқын, көңілді, шығармашылық адамы еді. Артында екі баласы және жүкті әйелі қалды. Оның туыстарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын. Эльмира Төлегенова

Марқұм Дәулет Бейсенбек танымал отбасылық блогер болатын, оның Instagram-дағы аудиториясының саны 758 мыңнан асады.

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: