Шетел тыңшысы Қазақстан Президентіне қастандық жасамақ болған – ҰҚК

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс тұншықтырғышы бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 25 наурызда ҰҚК барлау қызметі Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті «А» деген ҚР азаматын ұстады. Бір мезгілде ол арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс тұншықтырғышы бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған. Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады.ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қазіргі кезде ҰҚК Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және  255-бабы 4-бөлігінде (терроризм актісі) көзделген қылмысты жасау фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Нұр-Сұлтан Қазақстан ҰҚК
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: