ҰҚК Алматы әуежайынан жалған төлқұжаты бар төрт шетелдік азаматты ұстады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанға төрт шетелдіктің жалған құжаттармен кіру әрекетінің жолы кесілді. Қазір оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің төрт азаматы ұсталды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Құзырлы ведомство атап өткендей, жүктерін тексеру кезінде олардың нақты төлқұжаттары табылды.

Алдын ала деректер бойынша, олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған.

Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларын құраған. Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешілуде. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді