Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Метро, Алматы, вагон, жанжал, ер адам, әйел, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2026 22:57 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Жетісу ауданының полицейлері метро вагонында, "Райымбек" және "Абай" станцияларының арасындағы жол учаскесінде болған жанжалға қатысушыларды анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бойжеткен мен ер адамның арасында туындаған жанжал қоғамдық тәртіпті бұзумен және өзге жолаушыларға құрметсіздік танытумен қатар жүрген.

"Аталған факті бойынша екі азаматқа да ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен әйелге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда сабыр сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және жанжалға жол бермеуге шақырады", делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: